Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

САРЫАҒАШ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданы әкімдігінде аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде аудан аумағындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен өзекті мәселелері қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Сарыағаш аудандық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Азамат Диханбаев баяндама жасап, көші-қон саласында орын алып отырған құқық бұзушылықтардың себептерін атап өтіп, оларды жоюға бағытталған шаралар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, қала және ауылдық округ әкімдері де өз бағыттары бойынша есеп беріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Келесі мәселе жол-көлік оқиғаларының алдын алу, әсіресе адам өліміне алып келген апаттар санын азайту бағытындағы іс-шаралар талқыланды. Бұл тұрғыда аудандық полиция басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Ерлан Тұяқов пен аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев өз салалары бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және отбасылық құндылықтарды нығайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Отбасыны қолдау орталығы» КММ директоры Марат Тарахтиев ақпарат ұсынды.

Комиссия мүшелері қаралған мәселелер бойынша пікір алмасып, бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар қабылданды. Аудан әкімі құқық бұзушылықтардың алдын алу – қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықтың басты кепілі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде күшейтуді тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қар тазалауға 1,3 мыңнан астам техника шықты

admin

Былтыр еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға шамамен 2,8 млн адам барған

admin

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

admin

Пікір жазу