6 Желтоқсан, 2025. 14:17
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам ауданындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты

Сайрам ауданында азаматтық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы және Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлының төрағалығымен ауданның қоғамдық-саяси ахуалына арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Отырысқа құқық қорғау органдарының басшылары, жауапты мемлекеттік мекеме өкілдері және салалық бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында аудан аумағындағы жалпы ахуал, тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйі, қоғамдық тәртіптің сақталуы, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жан-жақты талқыланды. Мәжіліс қатысушылары ағымдағы жылы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар кешенді шаралардың жүзеге асқанын атап өтті.

Аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Әлеуметтік желілердегі ахуал күнделікті бақылауда, азаматтар тарапынан түскен ұсыныстар мен шағымдарға жедел әрекет ету тетігі жолға қойылған. Халықпен кері байланыс күшейтіліп, әлеуметтік мәселелерді шешу бағытында мемлекеттік құрылымдардың ортақ жұмысы нығайған.

Сондай-ақ, аудан аумағында заңдылықтың сақталуына ерекше мән беріліп, профилактикалық шаралар өткізу тұрақты жүзеге асуда. Құқық қорғау органдары және жергілікті әкімдік тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар үйлестірілген.

Жиында ағымдағы кезең бойынша аудан аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты екендігі атап өтілді. Бүгінгі таңда Сайрам ауданында экстремистік және радикалды сипаттағы көріністер тіркелмеген. Аудан аумағында оппозициялық ұйымдар ресми түрде тіркелмеген және бейбіт жиындар өткізу туралы өтініштер түспеген. Қоғамдық тыныштықтың сақталуы – мемлекеттік және құқық қорғау органдарының үйлесімді жұмысының нәтижесі.

Сонымен қатар, елдегі тұрақтылық пен заң үстемдігін қамтамасыз ету – әрбір мемлекеттік қызметші мен азаматтың ортақ міндеті екендігі ерекше атап өтілді. Жиында тұрғындардың әлеуметтік ахуалын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру, азаматтардың құқықтық санасын арттыру мәселелері де көтерілді.

Аудан әкімі Мадияр Оразалиев өз сөзінде қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты сақтау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін атап өтіп, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау құрылымдарына тұрғындармен тығыз жұмысты күшейту, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тұрақты жүргізу тапсырылды.

Аудан басшылығы алдағы уақытта да қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтау, құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидатын ұстану, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтетінін мәлімдеді. Сайрам ауданы тұрақтылық, қоғамдық келісім және заңдылықты нығайту жолында жүйелі әрі нақты шаралар қабылдауды жалғастырады.

Қорытындылай келе, аудан аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты деп бағаланды. Бұл – жергілікті билік, құқық қорғау органдары және қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысының жемісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

admin

«Еңбек адамы – қоғамның тірегі, өңірдің өркендеуінің кепілі»

admin

«AQ-DALA» МАҚТАШЫЛАР ФЕСТИВАЛІ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

admin

Пікір жазу