Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

САЙЛАУҒА АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН!

Бүгін Ордабасы ауданында №18 сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына қосымша сайлау өтуде. Бұл саяси науқан жергілікті қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін маңызды демократиялық үдеріс болып табылады.

Таңертеңнен бастап сайлау учаскелеріне келген тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Сайлау комиссиясы мүшелері дауыс беру процесін заң талаптарына сәйкес ұйымдастырып, сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдайларды қамтамасыз еткен. Учаскелерде қоғамдық тәртіп сақшылары мен бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру барысының ашық әрі әділ өтуіне назар аударып отыр.

Алғашқылардың қатарында келген сайлаушыларға азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымдары үшін естелік сыйлықтар табысталды. Бұл бастама тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға ынталандыруды көздейді.

Сайлау – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі. Ордабасы ауданында сайлау күні жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау және азаматтық бақылауды нығайту

admin

ТҮРКІСТАНДА РАЙЫМБЕК СЕЙТМЕТОВ ТЕАТРЫНА ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Қаржылық сауаттылықты арттыру – еліміздің тұрақты дамуы

admin

Пікір жазу