Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ МЕН ЖАСТАРЫ САЯСИ НАУҚАНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Түркістан облысының тұрғындары саяси науқанда белсенділік танытуда. Мәселен, Бәйдібек және Отырар аудандарында қазыналы қариялар мен жастардың дауыс беру көрсеткіші жоғары.
Атап айтар болсақ, Отырар ауданында бүгін ғана 18 жасқа толып, дауыс беру құқығына ие болған Тоғжан Мырзахан мен Нұрайлым Бексұлтанова өз белсенділіктерімен ерекшеленді. Өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінген арулар референдум учаскелеріне алғашқылардың бірі болып келген. Ал, отандасқандарына 50 жыл болған отырарлық отбасы өнегелі жанұяның үлгісін көрсетсе, ал қос қария ел тарихындағы айтулы шараға қатысуға асыққан.
Сондай-ақ, Бәйдібек ауданында 7 баланы дүниеге әкеліп, 30 немеренің қызығын көріп отырған ардақты ата-әже Әнуарбек Есболаев пен Үміт Рысбаева да бұл науқанның маңыздылығын ескеріп, дауыс берды. Сондай-ақ, қазақ күресінен әлем чемпионы Төленбай Қасымхан да ардагерлердің жолын жалғап, референдум учаскесінен табылған.
Айта кетейік, Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері

admin

Новая глава начинается!

admin

Қазығұрт ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

admin

Пікір жазу