Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІМЕН КЕЛДІ

Түркістан облысында өтіп жатқан саяси науқанға түрлі этнос өкілдері белсенділік танытты. Арыс қаласындағы №9 референдум учаскесіне татар, башқұрт, иран, әзірбайжан, славян және өзбек этномәдени орталықтарының өкілдері келіп, дәстүрлі әндерін орындады. Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады. Әртүрлі этнос өкілдерінің бір мақсатта бас қосуы — Қазақстандағы бірлік пен келісімнің айқын дәлелі. Осындай шаралар халық арасында өзара түсіністік пен сыйластықты нығайтады. Сонымен қатар, бұл азаматтардың өз елінің саяси өміріне белсенді қатысуына, қоғамдағы азаматтық жауапкершілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы Түркістан облысында 947 дауыс беру учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Түркістандықтардың саяси маңызды шараға қатысу белсенділігі өте жоғары. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген. Сонымен қатар, облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. Сондай-ақ, республикалық референдумға облыс бойынша жалпы саны 6 380 комиссия мүшелері тартылған. Оның ішінде 1 – облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік референдум комиссиялары (6 254 мүше).

Ұқсас жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

admin

Ордабасы ауданында ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

admin

Түркістан: «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің еңбек ұжымына жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарына қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

admin

Пікір жазу