«Мақтаарал» аудандық газетінің бас редакторы Сәбит Қалдыбаев саяси науқанда белсенділік танытып, референдумға атсалысты. Ол референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын саяси науқан екенін атап өтті. Сонымен қатар, әрбір азаматтың дауыс беру арқылы елдің дамуына өз үлесін қосуы маңызды екенін жеткізді.
Редактордың айтуынша, халықтың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі – мемлекеттің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі. Сондықтан барша тұрғындарды осындай маңызды қоғамдық-саяси шараларға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ ол бүгінгі референдум елдің болашағын айқындайтын тарихи сәттердің бірі екенін айтып, бірлік пен ынтымақтың арқасында мемлекетіміздің дамуы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірді.
Айта кетейік, жалпы Мақтаарал ауданында 68 595 дауыс беруші тіркелген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
