Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады. Нұрымбет Сақтағанов Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.
Негізгі мәліметтер:
1) 400 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.
2) 46 жаңа өндіріс орны іске қосылған.
3) Туризм, цифрландыру салаларын, көлік-логистика секторы мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше мән беріліп келеді.
4) «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 18 нысан салынып, 6 медицина ғимаратына жөндеу жүргізілді.
5) «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 5 мектеп пайдалануға берілді. Оқушы орындарының тапшылығын азайту үшін тағы 7 мектеп бой көтереді.
Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіпорындардың сұранысы негізінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, авиация, энергетика және су көлігі салалары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары ашылады.
Толығымен таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі міндет жыл соңына дейін орындалады. Бұл бағытта құны 14 миллиард теңге болатын сумен қамтудың 8 жобасы жүзеге асырылады.
Алдағы екі жылға жоспар:
— өңірге кемінде 1,5 триллион теңге инвестиция тарту;
— 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй;
— 28 әлеуметтік нысан салу;
— 600 шақырымнан астам жолды жөндеу.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары:
— экономиканы әртараптандыру;
— қайта өңделген өнім экспортын кеңейту;
— инвестиция тарту жұмыстарын күшейту;
— өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу;
— көлік инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аудару