Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

ПРЕЗИДЕНТ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАН ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқан жастармен кездесу өткізді. Кездесуде елдегі саяси жаңғыру үдерісіне жастардың қосқан үлесі мен олардың қоғамдағы белсенді рөлі сөз болды.

Мемлекет басшысы бұл күннің ел тарихында ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, референдум науқаны барысында белсенділік танытқан жастарға алғыс білдірді.

Бүгінгі күн Қазақстан тарихында маңызды белес ретінде сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Конституция – еліміздің ең басты құжаты, мемлекет дамуының негізгі іргетасы. Мен көптеген елдердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Ата заңымыз әлемдегі ең үздік конституциялардың бірі деп сеніммен айтуға болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент жаңа Конституция ең алдымен жас ұрпақтың болашағына бағытталғанын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңартылған Ата заңда волонтерлік қызмет, ғылым мен инновацияны дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект секілді заманауи бағыттарға ерекше мән берілген.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта елімізде жүзеге асырылатын маңызды саяси науқандарға да тоқталды. Атап айтқанда, жаз айларында өтетін Парламент сайлауы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болатынын айтты.

Ауқымды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Дегенмен алда атқаратын жұмыстар аз емес. Жазда Парламент сайлауы өтеді. Бұл науқанды бүкіл ел болып ұйымдастыруымыз керек. Менің ойымша, жаңа Парламент жастардың Парламенті болуы тиіс, – деді Президент.

Кездесу барысында «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Ескендірова, креативті индустрия өкілі әрі кәсіпкер Камиль Байрамов, сондай-ақ белсенді жастар Ержан Хамитов пен Нұрбол Серікбай сөз сөйлеп, референдум кезеңінде атқарылған жұмыстар жөнінде пікір білдірді.

Олардың айтуынша, соңғы бір ай ішінде еліміздің барлық өңірінде түрлі форматта 5 мыңға жуық кездесу ұйымдастырылып, оған 1,5 миллионнан астам азамат қатысқан. Бұл кездесулерде конституциялық реформалардың маңызы түсіндіріліп, халықпен ашық диалог орнатуға басымдық берілген.

Жастар өз сөздерінде елде жүргізіліп жатқан реформаларды толық қолдайтынын айтып, болашақта да мемлекет дамуына үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында жастардың бастамалары мен ұсыныстары да талқыланды.

Жалпы, Мемлекет басшысы жастардың белсенді азаматтық ұстанымы қоғамдағы демократиялық мәдениетті нығайтып, елдің тұрақты дамуына серпін беретін маңызды фактор екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді

admin

Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр — тәрбие бастауы

admin

АШЫҚ САЯСАТТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin

Пікір жазу