6 Желтоқсан, 2025. 15:53
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Отырар ауданында қоғамдық тұрақтылық пен «Қауіпсіз балалық шақ» мәселелері талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Отырар ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жағдайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, білім беру, денсаулық сақтау, полиция және әлеуметтік қызмет салаларының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – өңірдегі қоғамдық тұрақтылықты сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бала құқықтарын қорғау бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту болды.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру бағытындағы ұсыныстар айтылды.

Прокуратура өкілдері барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың бірлесе әрекет етуінің маңыздылығын атап өтіп, «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасын жүзеге асыруда нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Жиын соңында қатысушылар балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтіп, алдын алу шараларын тұрақты негізде жалғастыру туралы ортақ шешімге келді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

«Нөлдік төзімділік» — қауіпсіз қоғам кепілі: Түркістан облысындағы жүйелі жұмыс

admin

Құқық қорғау органдары академиясына жаңа ректор тағайындалды – Нұрғалым Әбдіров

admin

Большинство казахстанцев поддерживают переход к однопалатному Парламенту

admin

Пікір жазу