Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ОРДАБАСЫЛЫҚ ШАРУА ЖЫЛЫЖАЙДАН 400 ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ АЛАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Шұбарсу елді мекенінде орналасқан «Алан-Нұр» жылыжай кешені өңірдің аграрлық саласының дамуына елеулі үлес қосуда. Кешеннің төрағасы Нұрлан Әлімханов жылыжай шаруашылығын 2017 жылы бір гектар аумақта бастаған болатын. Жыл сайын өндіріс көлемін кеңейте отырып, 2025 жылға қарай жылыжай аумағы 4 гектарға жеткізіліп, ірі өндірістік кешенге айналды.

Шаруашылық «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 29,8 млн теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алып, заманауи технологиялармен жабдықталған тұрақты өндіріс орнын қалыптастырды. Қазіргі таңда жылыжайда негізінен қияр мен қызанақ өсіріледі. Тамшылатып суару жүйесінің енгізілуі еңбек өнімділігін арттырып, бір гектардан 90 тоннаға дейін өнім алуға мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы алғанда, 4 гектар аумақтан жылына 360 тоннаға жуық сапалы көкөніс өндіріледі. Өндірістің ұлғаюы жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етіп, бүгінде жылыжайда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Бұл жоба өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттырумен қатар, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да оң әсерін тигізуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында “Еңбек адамы” бейнесін насихаттау

admin

Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады

admin

ҮЙДЕН ДАУЫС БЕРУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП, САЙЛАУ ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУДА

admin

Пікір жазу