6 Желтоқсан, 2025. 11:48
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

МЕН ӨЗ МАМАНДЫҒЫММЕН МАҚТАНАМЫН!

Шардара көпсалалы колледжінде «Мен өз мамандығыммен мақтанамын!» атты патриоттық және кәсіби-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты — жастар арасында еңбек қадірін арттыру, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, сондай-ақ студенттердің өз таңдаған кәсібіне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл бастама — қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтеріп, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына үлес қосатын білікті мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.

Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара барысында колледж студенттері өз мамандықтарының қыр-сырымен бөлісіп, таңдаған салаларының қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетті. Әр мамандық иесі өз жұмыс бағытына қатысты бейнероликтер, көрмелік материалдар мен жобаларын ұсынды.

Сондай-ақ шарада үздік студенттер мен белсенді ұстаздарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
Колледж директорының орынбасары жастарға арнап:

«Бүгінгі таңда ел дамуының негізгі күші – білімді де еңбекқор жастар. Өз мамандығыңды сүйіп, кәсібіңді жетік меңгеру – табысты өмірдің кепілі. Әр мамандық қадірлі, ал оны абыроймен атқару – азаматтық парыз», – деп атап өтті.

Іс-шара студенттер арасында еңбекке деген құрметті арттырып, мамандықты сүю, шығармашылықпен жұмыс істеу, жеке дамуға ұмтылу идеяларын дәріптеді.

Шара соңында қатысушылар:

«Біз – еліміздің болашағын жасайтын еңбек майталмандарымыз! Өз мамандығымызды мақтан тұтамыз!» – деген ұранмен іс-шараны қорытындылады.

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

admin

Түркістан облысында полиция 1700-ден астам құқық бұзушылықтың жолын кесті

admin

Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

admin

Пікір жазу