Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады.
Дастан Рыспеков Президентке облыстың дамуы туралы есеп беріп, алдағы жоспарын таныстырды.
Негізгі мәліметтер:
1) 2024 жылы өнеркәсіп өндірісі 8%, құрылыс көлемі 28%, тұрғын үйді пайдалануға беру 30% өскен.
2) Былтыр Ұлытау өңіріне 226 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Оның 89% – жеке инвестиция.
3) Биыл 17 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың құны – 138 млрд теңге.
4) Өңірде инвестиция салуға айтарлықтай тартымды деп танылған салалар: құрылыс, сауда, логистика, энергияның балама көздері және туризм.
Облыс әкімі «Қазақмыс» корпорациясының кенішінде таяуда болған апат салдарынан қаза тапқан шахтерлердің отбасыларына көмек көрсетіліп жатқаны туралы айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкіміне тапсырмалары:
— бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялармен жұмысты жалғастыру;
— көлік-логистика әлеуетін арттыру;
—  инфрақұрылымды жаңғырту;
— сапалы медициналық қызмет көрсету;
— халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету;
— экологиялық мәселелерді шешу.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

admin

«2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасы» тиімді жүзеге асырылуда

admin

САРЫАҒАШТА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Пікір жазу