Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады.
Президентке елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жаңа өркендеу бағыттары және экономикалық реформаларды жүзеге асыру жұмыстары туралы баяндалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында экономиканың өсімі 5,4% болды.
Премьер-министр Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы жүктеген инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру, цифрландыру мен адами капиталды дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы жетекшілік ететін Республикалық штабтың су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі есебін тыңдады. Жағдай тәулік бойы бақылауда. Қазір 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мың техника дайындықта тұр.
Президент экономиканың нақты секторын қолдау, инвестиция тарту және әлеуметтік саясатты жетілдіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Түркістандағы қауіпсіздік пен сенім: Құқық қорғау және арнайы органдар»

admin

Бәйдібекте оқушылар арасында “Заң мен тәртіп” турнирі өтті

admin

Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

admin

Пікір жазу