Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.
Негізгі көрсеткіштер:
— көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен;
— Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады (өсім – 62%);
— 12 мың шақырым жол жөнделді;
— Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.
Авиация және әуежайлар:
Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;
отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);
— әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);
— биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;
Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.
Теміржол секторы:
— 21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);
— 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады;
— 5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Президент:
— қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы:
 Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;
Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;
— Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;
— ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді;
көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
— көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» саябағын аралап көрді

admin

Шымкент: Қаланың өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді

admin

Пікір жазу