Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

МАҚТААРАЛДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен Әдеп кодексінің талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларын кеңінен насихаттау, қызметтік тәртіп пен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы міндетін уақытша атқарушы Әділхан Тұрсынханов төрағалық етті. Шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметті бақылау басқармасының бас мамандары Мақсат Қайратұлы Көпеев пен Әділхан Оспанұлы Ермаханов арнайы қатысып, өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқосу барысында спикерлер Әдеп кодексінің негізгі қағидалары мен талаптарына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмыста және қоғаммен қарым-қатынаста ұстануы тиіс этикалық нормалар жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, құмар ойындарына тәуелділік мәселесіне ерекше назар аударылып, оның мемлекеттік қызметтің беделіне және қызметкерлердің жеке өміріне тигізетін кері әсерлері атап өтілді.

Мамандар мемлекеттік қызметшілер арасында мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жеке жауапкершілік пен тәртіпті күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, әлеуметтік желілерде өзін ұстау мәдениеті және қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтау қажеттігі ерекше ескертілді.

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасын нығайтып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Ұқсас жаңалықтар

*2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

admin

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

admin

Пікір жазу