Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚОРҚОР ТҰТЫНУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ЗИЯН

Қорқор (кальян) – темекіні немесе хош иісті қоспаларды су арқылы сүзгіден өткізіп тартуға арналған құрылғы. Көпшілік арасында қорқорды темекіден қауіпсіз деп санау кең тараған. Алайда, бұл – қате түсінік.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір сағат қорқор тарту 100 темекі шегумен тең. Қорқор түтінінде никотин, көміртек тотығы, ауыр металдар және қатерлі ісік туғызатын заттар бар. Мұның салдарынан өкпе мен тыныс алу жүйесі зақымданып, жүрек-қан тамыр аурулары, ауыз қуысы мен тамақ обырына шалдығу қаупі артады.

Бір қорқорды бірнеше адам пайдалану кезінде туберкулез, гепатит, ЖРВИ сияқты жұқпалы аурулардың таралу қаупі жоғарылайды.

Сондықтан мамандар қорқорды, оның құрамындағы темекі мен хош иісті қоспаларды тұтынудан бас тартуға шақырады. Денсаулық – ең қымбат байлық!

Ұқсас жаңалықтар

Құқық қорғау органдары мен қоғам ынтымақтастығы арқылы нөлдік төзімділікті жүзеге асыру

admin

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

admin

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin

Пікір жазу