Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КЕЛЕС: ШЕКАРА ҚАУІПСІЗДІГІН НЫҒАЙТУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаевтың төрағалығымен шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Кеңес жұмысына кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, жергілікті атқарушы билік өкілдері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиында мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін нығайту, шекаралық аймақтардағы құқықтық тәртіпті сақтау, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерін орнату мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Отырыста Келес және Сарыағаш аудандары бойынша шекара басқармасының бастығы, полковник Асқар Болатов баяндама жасап, шекара маңындағы елді мекендерде тұрғындардың белсенді қатысуының және азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өз сөзінде жергілікті билік органдарына, ауылдық округ әкімдеріне және полиция бөлімшелеріне шекара маңындағы бақылауды күшейтуді, бейнебақылау камераларын орнату бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
– Шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл елдің тұтастығы мен тұрақтылығының басты кепілі. Әрбір азаматтың қауіпсіздігі мен тыныштығы – біздің ортақ міндетіміз, – деді аудан басшысы.

Кеңес барысында қатысушыларға ҚР Қылмыстық кодексінің 392 және 394-баптарына енгізілген өзгерістер түсіндіріліп, шекараны заңсыз кесіп өту, сондай-ақ көші-қонды заңсыз ұйымдастыру үшін жауапкершіліктің күшейтілгені атап өтілді. Мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін жергілікті полиция мен шекара қызметі арасында бірлескен профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне назар аударылды.

Сонымен қатар, ҚР 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Мемлекеттік шекарасы туралы» заңның 42-бабы аясында қабылданған талаптарды орындау бағытында нақты іс-шаралар белгіленді. Шекара маңында өткізілетін қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шаралар туралы ҰҚК Шекара қызметінің тиісті бөлімшелерін алдын ала хабардар ету тәртібі де түсіндірілді.

Тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру материалдары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланатын болды.

Кеңес қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар бекітіліп, олардың орындалу барысы Келес ауданы әкімдігі мен шекара қызметінің тұрақты бақылауында болатыны атап өтілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты

admin

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

admin

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕГІМЕН КЕЗДЕСУ

admin

Пікір жазу