Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Келес ауданында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында «Ашық есік күні» атты кең көлемді құқықтық акция ұйымдастырылды. Іс-шараны Келес ауданы әкімдігі мен Шымкент қаласы заң консультанттары палатасы бірлесе өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ тұрғындардың өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік жасау.

Іс-шараның ашылуында Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаев сөз сөйлеп, қоғамда заң үстемдігін орнату мен әділдік қағидаттарын нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Ол тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру — құқық бұзушылықтың алдын алудың басты тетігі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Шымкент қаласы заң консультанттары палатасының төрағасы Оралбай Құдайберген тұжырымдаманың басты бағыттары туралы баяндама жасап, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында мұндай ашық диалог алаңдарының қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтудағы рөлі зор екенін айтты.

Акция барысында Шымкент қаласы мен Түркістан облысынан келген тәжірибелі заңгерлер тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берді. Келушілер жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, отбасы және неке мәселелері, кәсіпкерлік пен еңбек даулары бойынша өзекті сұрақтарына нақты жауап алып, кәсіби көмекке ие болды.

Тұрғындармен ашық форматта пікір алмасу жүргізіліп, олардың өтініш-тілектері мен ұсыныстары талқыланды. Азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді заң шеңберінде шешудің жолдарын айқындады.

Іс-шара соңында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы мен Палата төрағасы Оралбай Бижанұлы акцияның нәтижелі өткенін атап өтіп, мұндай құқықтық қолдау шаралары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: Қаланың өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді

admin

ШАРДАРА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА «ЕҢБЕКШІЛЕР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

admin

Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсіміне қатысты

admin

Пікір жазу