Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFair.ai көрмесіне барды

Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.

Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады.
Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.
Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті.

www.akorda.kz

Ұқсас жаңалықтар

«Қауіпсіз қоғам» жобасы: азаматтық жауапкершілік пен жаңа мәдениет қалыптастыру

admin

Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар: Азаматтарды интернет-алаяқтық пен адам саудасынан сақтандырамыз

admin

Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді

admin

Пікір жазу