Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Астанада «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған форум өтті.
Бұл шара Ассамблеяның үш онжылдықтағы жетістіктерін саралап, еліміздегі бірлік, келісім және этносаралық татулықты нығайту жолында атқарылған жұмыстарды бағамдауға арналды.
🟦 Форумға Түркістан облысынан:
▫️ этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері;
▫️ҚХА жанындағы құрылымдардың жетекшілері;
▫️«Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері телекөпір арқылы қатысты.
🗣 Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ассамблеяның 30 жыл ішіндегі негізгі жетістіктері мен қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы жобалар жайында жан-жақты баяндама жасады.
🔹 Форум ҚХА-ның қоғамдағы рөлін күшейту, этносаралық татулықты сақтау және алдағы кезеңге арналған жаңа міндеттерді айқындау мақсатында ұйымдастырылған маңызды алаң болды.
Сонымен қатар Ассамблея жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жұмысы бейнероликтер арқылы таныстырылды.

Ұқсас жаңалықтар

«2029 жылға дейінгі халықтың кірісін арттыру бағдарламасы» тиімді жүзеге асырылуда

admin

Бәйдібек ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

admin

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ЦЕРЕБРАЛЬДЫ САЛ АУРУЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА АУРУЛАРЫ БАР ПАЦИЕНТТЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ТОЛЫҚ КӨЛЕМІН АЛУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

admin

Пікір жазу