Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Ел арасында Президент Тоқаевтың саяси бағытын қолдау жоғары деңгейде сақталып отыр

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты ағымдағы жылдың 11 шілдесі мен 12 тамызы аралығында кең ауқымды сауалнама өткізді. Оған 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8000 адам қатысты.

Әлеуметтік зерттеу респонденттердің Президент институтына сенімінің зор екенін көрсетті: азаматтардың 82,4% Қасым-Жомарт Тоқаевқа үлкен қолдау білдіріп отыр.

Ең жоғары деңгейде қолдау көрсетіп отырғандар – 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар (90,3%). Одан кейінгі орындарда 30-45 жастағылар (82,4%), 46-60 жастағылар (78,6%) және 61 жастан асқандар (77,8%) тұр.

Ауыл тұрғындарының сенімі қала халқына қарағанда сәл жоғары (сәйкесінше, 84,9% және 80,9%).

Табыс деңгейі мен жұмыспен қамтылу ерекшеліктеріне қарамастан, респонденттердің сенім деңгейі бірдей дәрежеде.

Президентке ең көп қолдау білдіретіндер: білім беру саласының қызметкерлері (89,6%), денсаулық сақтау мамандары (84,5%), мемлекеттік қызметшілер (87,1%), құқық қорғау органдарының қызметкерлері (96,9%), ауыл шаруашылық саласының өкілдері (86,2%), ғылым (85,7%), мәдениет пен өнер саласының мамандары (85,9%).

Зерттеу қорытындысы ел арасында Президентке сенімнің тұрақты жоғары деңгейде екенін айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың азаматтар үшін тиімділігін дәлелдейді.

Сауалнама нәтижелері қоғамдағы саяси тұрақтылықтың берік негіздерін көрсетеді. Азаматтардың кең ауқымды қолдауы Президент бастамаларының уақыт талабына сай екенін және халықтың сұраныстарына жауап беретінін аңғартады. Бұл үрдіс мемлекеттің алдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларын табысты жүзеге асыруға серпін береді.

Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік топтар мен жас ерекшеліктеріне қарамастан, Президентке деген сенім деңгейінің жоғары болуы — ұлттық бірліктің, ынтымақ пен өзара түсіністіктің айқын көрінісі. Мұндай сенім елдің болашақ дамуына сенімділік ұялатып, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Бұл деректер мемлекет басшысының халықпен тиімді диалог орната алғанының дәлелі ретінде қарастырылады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың әрбір бастамасы қоғамда кең қолдау тауып, елдің даму бағытына деген сенімді арттыра түсуде. Мемлекеттік саясаттың ашықтығы мен әділеттілігі халықтың үміті мен сенімін ақтап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

*2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

admin

КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ БОЛУЫ ТИІС

admin

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысымен танысты

admin

Пікір жазу