Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарМәдениетСаясат

БӘЙДІБЕКТЕ «КУНГ-ФУ ПАНДА» КЕЙІПКЕРІ

Аудан аумағындағы дауыс беру учаскелерінің біріне «Кунг-фу Панда» кейіпкерінің костюмін киген азамат келіп, өз таңдауын жасады.

Ерекше бейнедегі азаматтың дауыс беруі учаскеге келген тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жиналғандардың қызығушылығын арттырды. Көпшілік оны жылы қабылдап, естелік суреттерге түсіп жатты. Бұл бастама референдумның маңызын креативті әрі қызықты форматта жеткізудің бір үлгісі болды.

Аталған әрекет тұрғындарды белсенді болуға шақырып, әсіресе жастар арасында референдумға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Осындай ерекше тәсілдер арқылы қоғамда азаматтық белсенділікті қалыптастыруға және елдегі маңызды саяси науқандардың мәнін кеңінен түсіндіруге мүмкіндік туып отыр.

Жалпы, Бәйдібек ауданында референдум учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеуде.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТУДЕ

admin

САРЫАҒАШ: ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

«Коридор устойчивости»: правительство Казахстана берет инфляцию под контроль

admin

Пікір жазу