Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Бәйдібек ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының басшылары, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тлемисов өңірдегі өзекті әлеуметтік және құқықтық мәселелерге тоқталып, олардың шешімін табуға бағытталған нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Сондай-ақ қатысушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және қоғамда тұрақтылықты сақтау бағытындағы іс-шараларды жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, профилактикалық жұмыстарды бірлесіп ұйымдастырудың маңыздылығы айтылды. Бұл бағыттағы кешенді шаралар Бәйдібек ауданында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігі – жұмыскердің өмірі мен денсаулығының кепілі

admin

Түркістан облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр

admin

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҚОСЫМША САЙЛАУ ӨТУДЕ

admin

Пікір жазу