Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

Бүгін, 26 қазан күні Келес ауданында өтіп жатқан мәслихат депутаттығына сайлау барысында Қаратөбе елді мекенінің биі Мәмбетәлі Молдабаев №360 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Ауыл ақсақалы сайлаудың ел болашағы үшін маңызын атап өтіп, тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.
— Әр дауыс – ауылымыздың, ауданымыздың дамуына қосылған үлес. Сондықтан әр азамат өз таңдауын жасап, ел ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деді Мәмбетәлі Молдабаев.
Қаратөбе ауылындағы сайлау учаскесінде тұрғындар таңертеңнен бастап дауыс беруге келуде. Учаске аумағында барлық жағдай жасалған, сайлау үдерісі заң талаптарына сай, тыныш әрі ұйымшыл түрде өтуде.
Айта кетейік, Келес ауданында сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. №16 бір мандатты аумақтық округ бойынша барлығы 3979 сайлаушының дауыс беру құқығы бар.
🔗Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Сайрам ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған республикалық диктант ұйымдастырылуда

admin

ОТЫРАР: «САУТС ОЙЛ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАСЫ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

admin

Пікір жазу