6 Желтоқсан, 2025. 15:53
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Арыс ауданында «Құқықтық дәріхана» жобасы аясында тұрғындармен қабылдау өтті

Түркістан облысы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес Арыс аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен «Құқықтық дәріхана» жобасы аясында аудан тұрғындарымен қабылдаулар өткізілді.

Аталған жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындарға күнделікті өмірде туындайтын заңдық мәселелер бойынша нақты көмек көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жандандыру болып табылады.

Кездесу барысында прокуратура өкілдері тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын жеке қабылдап, еңбек қатынастары, әлеуметтік қорғау, жер пайдалану, тұрғын үй және кәсіпкерлік салалары бойынша түсіндірмелер берді. Әрбір азаматтың мәселесі жеке қаралып, шешу жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар прокуратура қызметкерлері заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу және заңды жолмен қорғаудың маңыздылығы жөнінде кеңес берді. Шара соңында қатысушылар көрсетілген құқықтық көмектерге ризашылықтарын білдіріп, мұндай қабылдаулардың халық пен билік арасындағы байланыс орнатудағы маңызын атап өтті.

«Құқықтық дәріхана» жобасы аясындағы түсіндіру және қабылдау шаралары Арыс ауданында тұрақты түрде жалғасатын болады.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ: МҮМКІНДІКТІ ІСКЕ АЙНАЛДЫРҒАН КӘСІПКЕР

admin

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНДА БАССЕЙНІ БАР ЗАМАНАУИ СПОРТТЫҚ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

admin

ЖАСҰО Шымкент филиалы жол‑көлік колледжінің студенттері үшін ашық есік күнін өткізді

admin

Пікір жазу