6 Желтоқсан, 2025. 12:19
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Арыс ауданында қоғамдық тұрақтылық пен «Қауіпсіз балалық шақ» мәселелері талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Арыс ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мен «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жағдайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Шараға аудандық прокуратура, жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер, білім, денсаулық сақтау, жастар саясаты және әлеуметтік қорғау салаларының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Сондай-ақ балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттестікті арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері сөз болды.

Прокуратура өкілдері «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, зорлық-зомбылық пен немқұрайлылықтың кез келген түріне жол бермеу екенін атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін мамандардың жауапкершілігін арттыру қажеттілігі айтылды.

Жиын қорытындысында мемлекеттік органдар мен білім ұйымдарына бірлескен іс-қимылды күшейтіп, балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

#заңментәртіп #

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді

admin

Мемлекет басшысы 8 наурыз — халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде сөз сөйледі 

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

admin

Пікір жазу