Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«AMANAT» партиясының жастары жұмысшы әйелдерді құттықтауда 

8 наурыз — тек сұлулықтың ғана емес, әйелдерге деген құрметтің де мерекесі. Осы атаулы күнге орай, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты еліміз бойынша нәзік жандыларды құттықтауда.
Жастардың алғашқы нүктесі «Астана-Энергия» ЖЭО-да еңбек ететін әйелдерді құттықтау болды.
«Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова энергетика саласындағы нәзік жандылардың еңбегі туралы ерекше атап өтіп, партия және Жастар қанаты атынан құттықтады.
Іс-шара барысында ЖЭО-та еңбек ететін әйелдерге арнайы сыйлықтар табысталып, олардың жұмыс барысындағы жетістіктері аталып өтті. Өз ісінің майталмандары саналатын нәзік жандылар бұл салада қажырлы еңбек етіп, өздерінің біліктілігі мен кәсібилігін дәлелдеп келеді.
«Астана-Энергия» АҚ электр цехының аккумуляторшысы Сәуле Исмағұлова:
«Біздің жұмысымыз халыққа қызмет ету. Тұрғындар үшін жауапкершілігі жоғары іс атқарудамыз, бұл бізге үлкен күш береді. Бүгінгі шара біздің еңбегімізге деген зор құрметтің белгісі. Осындай ілтипат пен қолдау бізге жаңа белестерді бағындыруға шабыт береді. Әйелдер тек отбасының ғана емес, тұтас қоғамның тірегі. Бізге көрсетілген бұл құрмет барша жұмысшы әйелдерге көрсетілген құрмет деп білемін», -деп өз әсерімен бөлісті.
Бұл іс-шаралар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында іскер әйелдердің еңбегін дәріптеу, олардың кәсіби шеберлігі мен қоғамға қосқан үлесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, республика көлемінде барлық өңірлерде түрлі салаларда жұмыс істейтін әйелдерге арналған іс-шаралар өткізіліп, олардың жетістіктері насихатталуда.
Сонымен қатар, Алматы қаласында «Жастар Рухы» белсенділері «БЕНТ» өндірістік-сауда зауытының әйелдерін құттықтап, жастарға экскурсия ұйымдастырды. Шара барысында зауытта еңбек ететін әйелдерге олардың кәсіби жетістіктері үшін құрмет көрсетіліп, арнайы марапаттар мен сыйлықтар табысталды. Жезқазған қаласының орталығында, қоғамдық орындарда еңбек ететін әйелдерге гүл шоқтары табысталды. Ал, Семей қаласында мерекелік құттықтаулар коммуналдық қызметте жұмыс істейтін әйелдер мен кондукторларға арналды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Ұлттық құрылтай бастамаларын іске асыру талқыланды

admin

Шымкентте «Алғыс айту» күні мен ҚХА-ның 30 жылдығына арналған мереке өтті

admin

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТІЛІП, ДАЛАЛЫҚ АСХАНАДА МАЙДАН БОТҚАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

admin

Пікір жазу