Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді

Алматыда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламалары аясында қалада ауқымды тазалау жұмыстары жүргізіліп, инфрақұрылым көркейтіліп, заңсыз сауда нысандары сүріледі.
Алғашқы аптада «Таза көшелер» жобасы аясында 24 м³ аумақты қамтитын 2 318 көше тазаланады. Қазіргі уақытта күн сайын көшелерден 150 тоннадан астам қоқыс шығарылады.
Сонымен қатар, 56 жерасты және 78 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, 1 765 аялдама, 480 бағдаршам тазаланады.
600 заңсыз СЕСН-ді сүру, 12 000 вандализмге төзімді қоқыс жәшігін орнату, 4 020 аула мен 445 саябақты көркейту, су айдындарын тазарту, 5 000 ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.
Науқанның мақсаты – экологиялық мәдениетті дамыту және қалаға қамқорлық көрсету.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында құқық қорғау және азаматтық бақылауды нығайту

admin

ЖАСҰО Шымкент филиалы жол‑көлік колледжінің студенттері үшін ашық есік күнін өткізді

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу