Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев өз еркімен қызметінен кетті

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары!

Бүгін мен үшін ерекше күн – төрт жылдық өкілеттік мерзімім аяқталуына байланысты Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі лауазымынан өз еркіммен ресми түрде босадым.

Әл-Фараби ауданының әкімі ретінде қызмет атқару мен үшін үлкен жауапкершілікпен қатар зор мәртебе болды. Осы кезең ішінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу жолында сіздермен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі бұйырғанына шын жүректен ризашылығымды білдіремін.

Шымкент қаласының дәл орталығында орналасқан Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру және көріктендіру бағытында 199 балалар алаңшасы және 41 спорт алаңшасы, саябақтар мен гүлзарлар салынды.

Әл-Фараби ауданының әкімі ретінде қызмет ету — мен үшін үлкен жауапкершілік пен зор сенімнің көрінісі болды.

Маған ерекше сенім артқан Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековке және баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!

Алдағы уақытта да еліміздің игілігі жолында еңбек етуді жалғастыра беремін.
Әрқайсыңызға амандық, сәттілік және жаңа табыстар тілеймін!

Рашид Мыңбаев

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласында алаяқтық мәселесі жыл сайын өзекті болып отыр

admin

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

admin

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

admin

Пікір жазу