Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

2025 жылы Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен белгіленген 20% квотаға сәйкес, баспана ең осал санаттағы азаматтарға, соның ішінде көпбалалы отбасылар мен бюджет саласының қызметкерлеріне беріледі.
Биылғы жоспарға сәйкес, 7 284 адам баспаналы болады. Олардың ішінде жетім балалар да бар. Заңға сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорының пәтерлері кезек тәртібімен бөлінеді.
2024 жылы пәтер 5 594 адамға берілді. Оның ішінде 2 000 адам коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін баспана алды, оның 404-і жетім балаларға арналған пәтерлер. Сонымен қатар, 257,7 млн теңге көлемінде 207 тұрғын үй сертификаты табысталды.
2025 жылы ХӘОТ санатындағы азаматтар мен жетім балаларға бөлінетін тұрғын үй үлесі 20% деңгейінде сақталады.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Ұқсас жаңалықтар

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған халықпен тікелей жұмыс Түркістан облысында нәтижелі жүзеге асырылуда

admin

Түркістан қаласында жұмыспен қамтуға арналған 1600 субсидияланған жұмыс орны бекітілді

admin

«Келешек» бағдарламасы: мемлекеттен алғашқы төлемдер жүзеге асты

admin

Пікір жазу