Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
СпортШымкент

Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.

Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.

16-30 тамыз аралығында «Shymkent Shooting Plaza» базасында 27 елден 800 спортшы «тапанша», «мылтық», «қозғалмалы нысана», «стендтік ату», «трап», «скит» және «скит-микс» бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.

Жарыстың мақсаты- атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру, рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: АЛАЯҚТЫҚ, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

admin

ДӘРІГЕРЛЕР ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗДІ

admin

​ШЫМКЕНТТЕ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ БАСТАМА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

admin

Пікір жазу