Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЛАДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МАҢЫНДА ПОЛИЦИЯ БАҚЫЛАУЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар орталығында жаңа оқу жылының басталуына орай оқушылардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған баспасөз брифингі өтті. Алғашқы болып баяндама жасаған Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жүзжасаров 2025-2026 оқу жылының басталуына байланысты жасөспірімдердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары зерделенгенін жеткізді. Қала аумағындағы 162 мемлекеттік мектептің алдындағы жаяу жүргінші өткелдеріндегі сызылған жолақтар мен жол таңбаларына, тиісті жол белгілер мен техникалық құралдардың түгелдігіне басты назар аударылған. Осы жылы жаңадан соғылып қолданысқа берілген мектептердің алдарындағы жолдарға, инфрақұрылымдық жағдайы мен техникалық құралдардың түгел болуына, әсіресе мектеп маңындағы жаяу жүргінші өткелерінің алдында орнатылған жол белгілері туралы Жолаушылар көлігі және автоимобиль жолдары басқармасына тиісті нұсқамалар берілген. Қазіргі берілген нұсқамалардың негізінде барлық мектептердің алдарындағы жаяу жүргіншілер жолағы жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, жол белгілерін жауып қалған ағаш бұталарын кесу жұмыстары да тиісті басқармалармен бірге күнделікті атқарылып келеді екен.
Сонымен қатар, оқу жылы басталған күннен бастап барлық мектептердің алдарында, оқушылардың жолдан өту қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері бұрынғыдай ерекше қырағылықпен және күшейтілген тәртіппен жұмыс атқара береді.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Өмір Қалыбаевтың сөзінше, шаһардағы 165 мемлекеттік жалпы орта білім беру мектептерінің іргелес аумақтарында орналасқан көшелердегі жаяу жүргіншілер өтпелеріне, аяқ жолдарға, жол белгілеріне, жол таңбаларына, пандустар ұйымдастыруға және тағы басқада іс-шаралар атқаруға зерделеу жұмыстары жүргізілген. Қазір 68 мектептің жол таңбасы, соның ішінде 22 мектептің жол белгілері, жасанды жол кедергілері жаңартылған. Он жайлы мектепке жол белгілері, жасанды жол кедергілері толық жаңадан орнатылыпты. Биыл 1 қыркүйекке дейін 97 мемлекеттік мектеп маңындағы жаяу жүргіншілер өтпелерінің жол таңбалары толық жаңартылып, 30 мектептің «Абайлаңыз, балалар!» ақпараттық белгісі қайта орнатылатыны баян етілді. Яғни барлық мектептің айналасына жылдамдықты 40 км/сағ дейін шектейтін жол белгілері орнатылған.
Сонымен қатар, кешкі уақытта балалардың және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында былтыр 50 жаяу жүргінші өткелі және биыл 154 жаяу жүргінші өткелі жарықтандырылған. Сондай-ақ, жыл соңына дейін бағдаршамдар, аялдамалар, құдық қақпақтары мен жасанды жол кедергілерін толық орнату жұмыстары жалғаспақ.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ӨЗГЕРІСТЕР

admin

Зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме дәріс өткізілді

admin

В Шымкенте продолжается работа по обеспечению безопасного транспортирования юных спортсменов

admin

Пікір жазу