Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ДРОНДАР КӨМЕГІМЕН ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛУДА

«Таза қала» экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері күнделікті рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің бұзылуын анықтап, жоюда. Іс-шара барысында дрондар арқылы қалдықтарды заңсыз тастау фактілері анықталды. Салдарынан қоқыс жүктелген көліктер тиісті нормаларды бұза отырып, қалдықтарды түсіреді.
Құқық бұзушылар жедел анықталып, заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары дрондарды қолдану жағдайды тиімді бақылауға және қолайсыз аумақтарда экологиялық құқық бұзушылықтарды болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Полиция қызметкерлері азаматтарды қала аумағында тазалық ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Қала әкімдігі тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоқысты тек рұқсат етілген орындарға тастауға және қалаға ортақ жауапкершілікпен қарауға шақырады. Әкімдік пен полиция басқармасы рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау деректеріне қатысты бақылауды күшейтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүзеге асыруда.
Қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған осындай бастамалар Шымкенттің таза әрі әдемі болуына ықпал етеді.
Бұл шара қоғамдық тәртіпті сақтау мен қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен үлес қосуда. Дрондардың қолданылуы полицияның экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтап, алдын алу жұмыстарын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай рейдтер қала тұрғындарын өз ортасын таза ұстауға, тәртіп сақтауға ынталандырады.
Еске сала кетейік:
Қоқысты белгіленбеген жерге тастау: ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес:
Алғашқы рет – ескерту немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл
Қайталанса – 30 АЕК айыппұл
Қалдықтарды бейберекет тастау (ұсақ құқықбұзушылық) – ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына сәйкес:
Бірінші рет – 5 АЕК
Қайталанса – 10 АЕК айыппұл
Қаламыздың тазалығы – өз қолымызда! Қоқысты арнайы бөлінген орындарға тастайық. Қоршаған ортаға және қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қарайық!
Таза әрі жайлы қала — баршамыздың ортақ міндетіміз. Қоршаған ортаны таза ұстау, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастамау және қоғамдық тәртіпті сақтау — әр азаматтың борышы. Табиғатты, туған өлкені аялайық, себебі оның тазалығы өзімізге деген құрметтен басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Мал ұрлығы» бойынша 147 әкімшілік хаттама толтырылған

admin

Вандализм в Шымкенте: проблемы и пути решения

admin

Профилактика бытового насилия: новые меры в Шымкенте

admin

Пікір жазу