Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтеді

Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпанда Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтеді.
Акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Шымкент қаласы филиалының Абай ауданы бойынша бөлімінің ғимаратында (Мәделі Қожа 1Г) сағат 15.00-де басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылар, адвокаттар, нотариустар және басқалары бар.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

admin

Шымкентте бұқаралық спортты дамытуға арналған ісшаралар және 2025 жылғы жоспарлар

admin

Шымкенттің жас өнерпаздары Алғыс айту күнін ерекше атап өтті 

admin

Пікір жазу