Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Шымкентте есірткіні жасырын тығу әдісі бойынша әлеуметтік эксперимент өтті

Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Esbol Qory» фондының белсенділері қаладағы тұрғындар көп шоғырланатын орындарда ерекше әлеуметтік эксперимент жүргізді. Эксперименттің мақсаты – тұрғындардың қоғамдық жауапкершілігін арттыру, есірткі заттарын анықтау мен құқық қорғау органдарына хабарлау мәдениетін қалыптастыру.

Полицейлер құрамында есірткі заттары бар деп ойлауы мүмкін объектіні қауіпсіз үлгі ретінде дайындап, оны әдеттегіден тыс, яғни арнайы зип-пакетке салып, қолжетімді орындарға жасырын орналастырды. Бұл әдіс арқылы тұрғындардың реакциясын, хабарлау мәдениетін және қоғамдық жауапкершілігін тексерді. Эксперименттің шынайылық әсерін күшейту үшін пакеттің сыртқы көрінісі мен орналастырылған жері есірткі заттары жиі кездесетін «қолайлы» нүктелерді еске салатындай таңдалды. Мысалы, қоғамдық орындар, парктер, жаяу жүргіншілер жолы және басқа да осындай жерлер.

Дегенмен, ішіне нақты есірткі емес, тұрмыстық мақсаттағы ас содасы салынып, толық қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Бұл әдіс қауіптілік туғызбай, тек қоғамдық қауіпсіздікті тексеруге бағытталған. Эксперимент барысында кейбір жасөспірімдер де күдікті пакетті байқап қалып, бұл жайт олардың да назарынан тыс қалмайтынын көрсетті. Олар бұл туралы бірден хабарлауға шешім қабылдап, құқық қорғау органдарына ақпарат берді.

Әлеуметтік тәжірибенің басты мақсаты – тұрғындар арасында есірткіге деген иммунитет қалыптастыру, күдік туындаған жағдайда үнсіз қалмау, қауіпсіздік қаупін төмендету үшін дереу құқық қорғау органдарына хабарлау мәдениетін нығайту. Бұл эксперимент арқылы қоғамның есірткімен күреске деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылыққа қарсы белсенді қатысуға тұрғындарды ынталандыру көзделді.

Бұл эксперимент қоғамның есірткіге қарсы күрестегі белсенділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мұндай әлеуметтік тәжірибелер арқылы тұрғындарға өзара жауапкершілікті сезіну және құқық қорғау органдарына көмек көрсету маңызды екені түсіндірілуде. Сонымен қатар, тұрғындардың өз өмірін қауіпсіз ету үшін белсенді әрекет етуі, әсіресе жасөспірімдер арасында, қоғамдық тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді. Бұл бастама қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құралдардың бірі ретінде үлкен маңызға ие.

 

Ұқсас жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҮШ ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ БҰЗЫЛДЫ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ДӘМДӘСTOUR ӨТТІ

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АВТОБУСТАР БАҒЫТҚА ШЫҚТЫ

admin

Пікір жазу