Шымкент қаласында жолдарды сақтап, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 2024–2025 жылдарға 1,021 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу нәтижесінде мердігер компания ретінде «QSM Engineering» ЖШС анықталды.
Биыл бөлінген 308,6 млн теңге есебінен алғашқы үш станцияның құрылысы аяқталып, қазан айынан бастап толық іске қосылады. Олар Шымкент–Сайрам бағытындағы Жібек жолы көшесінде, Бердібек қожа көшесінде және Әмір Темір көшесінде орналасқан.
2026 жылға қарай қалада тағы алты станция салу жоспарланып отыр. Олар Әл-Фараби көшесінде (Ынтымақ және Исфиджаб аумағында), Темірлан тасжолында (Әуежай маңы), Бәйдібек би даңғылында (Бозарықта), А-2 айналма жолында (Ипподром маңы) және Шымкент–Ташкент тас жолында орналаспақ. Жоба құны – 712,6 млн теңге.
Ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс салмағы жолдардың тез тозуына әкелетінін ескерсек, бұл бастама жолдардың ұзақ мерзімге шыдамдылығын қамтамасыз етіп, заңбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ұалада жол сапасы мен әуе қауіпсіздігін рттыруға бағытталған ірі жобалар жүзеге асуда.
Шымкент қаласында жолдардың сақталуы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыр жүк көліктерін бақылайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда. Жобаға 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, алғашқы үш станция биыл іске қосылды. Олар Шымкент–Сайрам және Шымкент–Қарамұрт бағыттарында орналасқан. 15 қазаннан бастап станциялар толық жұмыс істеп, шамадан тыс салмақпен жүрген көліктерге айыппұл салынады. 2026 жылға дейін қалада қосымша алты нүкте ашу жоспарланған.
Сонымен қатар, Шымкент әуежайында жаңа ұшу-қону жолағы салынады. Бұған дейінгі жолағы соңғы рет 2007 жылы жөнделген еді. Жаңа жолақ 3500 метр ұзындықта, ені 60 метр болып, ИКАО-ның ІІІ санатына сәйкес тұрғызылады. Заманауи жарық-сигналдық жүйемен жабдықталатын нысан ауа райы қолайсыз кезде де ұшақ қабылдауға мүмкіндік береді. Төзімділігі жоғары жаңа жолақ арқылы ауыр жүк ұшақтары мен ірі жолаушы лайнерлерін шектеусіз қабылдау мүмкін болады.
Бұл екі жоба да Шымкенттің транзиттік әлеуетін арттырып, қала экономикасына серпін бермек. Жаңа станциялар жолдардың ұзақ мерзімді сақталуына ықпал етсе, әуежайдағы инфрақұрылымдық жаңғыру өңірдің халықаралық байланысын күшейтеді.