Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті 

Бүгін халықпен есептік кездесулер аясында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Отырар шағын ауданының, сондай-ақ Адырбеков, Ілияев, Бейбітшілік және Гагарин көшелерінің тұрғындарымен кездесті.
Әкім қала тұрғындарымен бірге шешімін күткен өзекті мәселелерді талқылады. Олардың қатарында жылу мен газбен қамту, кәріз жүйесі, бейнебақылау камераларын орнату, көпқабатты үйлердің лифтілерін, қасбеттерін және шатырларын жөндеу мәселелері бар.
Сонымен қатар, тұрғындар аулаларды тазалау, қоқыс шығару және қоғамдық орындарды қолайлы етуге қатысты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік нысандарының қызметі мен дренаждық жүйелердің жағдайы туралы мәселелер көтерілді.
Айта кету керек, қала басшысы, аудан әкімі мен басқарма басшылары кездесуде көтерілген маңызды мәселелер бойынша тұрғындарға жан-жақты жауап беріп, шешу жолдарын түсіндірді. Қосымша зерделеуді қажет ететін сұрақтар заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Қала әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы мен сындарлы диалог үшін алғыс айтып, бірлескен күш-жігер арқылы қаланы өмір сүруге қолайлы етуге болатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

admin

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

admin

ШЫМКЕНТ: ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ КӨРСЕТІЛІП, ДАЛАЛЫҚ АСХАНАДА МАЙДАН БОТҚАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

admin

Пікір жазу