Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ШЫМКЕНТ: АПТАДА ЕКІ ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

№1 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері бір аптада екі бүйрек алмастыру отасын жасады. Кезекті операцияда 1976 жылы туылған әпкесінің бір бүйрегі сіңлісіне салынды. Рецепиент 2 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
Сондай-ақ аурухана дәрігерлері 1987 жылы туылған науқасқа қарындасының бүйрегін хирургиялық жолмен салып берді. Туыстық трансплантациялар сәтті өтті.
Донорлар мен рецепиенттер палатаға ауыстырылды, жағдайлары жақсы. Оталарды аурухана дәрігерлері — Т.Садыков, Байтеміров, Р. Үмбетжанов, Б. Бауыржан, Д. Қабылов, У. Мұқанова, К Айтуов, Б. Керімкулов жасап шықты.
Айта кетейік, бүгінге дейін №1 қалалық клиникалық ауруханасында 233 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

“Абайлаңыз, балалар!”: Әл-Фараби ауданында Шымкент қаласында жол қауіпсіздігі акциясы

admin

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ҮШ ҚАБАТТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ БҰЗЫЛДЫ

admin

Развитие города Шымкента будет осуществляться в рамках концепции Smart City

admin

Пікір жазу