Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Отбасы – елдің тірегі: «Бақытты отбасы» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қала қонақтары!

Шымкентте отбасы берекесін нығайтуға бағытталған акция жалғасуда. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйек аралығында республикалық деңгейде «Бақытты отбасы» атты әлеуметтік-профилактикалық акция өткізіліп жатыр. Бұл маңызды шара отбасы институтының маңыздылығын арттыруға, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған.

Отбасы – кез келген мемлекеттің іргетасы, ең басты құндылықтарының бірі. Әрбір адамның жеке өміріндегі тыныштық пен береке қоғамдағы тұрақтылық пен татулықтың айнасы болып табылады. Осы орайда, бақытты және бірлікке толы отбасы – елдің жарқын болашағының кепілі.

Акция аясында Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінде Тұран аудандық полиция басқармасының қоғамдық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты А. Абай, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының психолог маманы Ә. Жұрын және Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №4 арнаулы әлеуметтік орталығының қызметкері Г. Құдайберген бірлесе отырып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында қатысушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат беріліп, қорғау нұсқамалары мен ерекше талаптар түсіндірілді. Бұл мәселеге қатысты заңнамалық негіздер мен азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері нақты баяндалды.

«Бақытты отбасы» акциясының басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, қоғамдағы өзара сыйластық пен татулықты нығайту, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді шаралар қабылдауға ықпал ету болып табылады. Қоғамымыздың берекесі мен бейбіт өмірінің кепілі – әрбір отбасының амандығы мен бірлігінде.

Шымкент қаласының полициясы мен серіктес ұйымдары тұрғындарға қолдау көрсетуді жалғастырып, отбасының бақытты әрі қауіпсіз болуы үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады. Осы игі шара арқылы елімізде мейірімділік пен жауапкершілік мәдениеті одан әрі нығая түседі деген сенімдеміз.

Елдің болашағы – отбасыдан басталады, сондықтан әрбір отбасыға амандық, береке және бақыт тілейміз!

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

admin

Ұлттығымызды ұлықтаған күн

admin

Пікір жазу