Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: СОҢҒЫ АПТАДАҒЫ НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАР

Өткен аптада Шымкент қаласында 97 қылмыстық іс тіркеліп, оның 5-і сотқа жолданды. Ең жиі кездесетін қылмыстар қатарында алаяқтық, ұрлық, есірткінің заңсыз айналымы және жол-көлік оқиғалары орын алды.

Алаяқтық істерінің басым бөлігі интернет алаяқтық болып отыр. Оның негізгі түрлері мыналар:

Тауарларды жарнамалап, сатып алушыларды алдау;

Қаржы инвестициясы арқылы ақша көбейту уәделері;

Банк қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер ретінде жалған қоңыраулар жасау;

Несие рәсімдеу.

Мысал ретінде, «Н» есімді азаматша мемлекеттен пәтер алып беремін деп танысынан 4 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтықпен иемденген. Қазір бұл іс тергелуде. Қала тұрғындары мен қонақтарына мемлекет тарапынан пәтер алғысы келсе, тек ресми мекемелерге жүгінуді ұсынамыз.

Есірткі проблемасы да қалада ушығып отыр. Интернет-дүкендердің кең таралуы жастарды есірткіге әуестендіріп, заңсыз саудаға итермелеп жатыр. Мемлекет жастарға білім, спорт және кәсіппен айналысуға жағдай жасап, жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсынуда. Алайда ұсталғандардың көпшілігі 18-30 жас аралығындағы жастар, сондай-ақ ересек жұмыссыз азаматтар да бар. Сондықтан жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырамыз.

Жол-көлік оқиғалары да көбейіп келеді. Жүргізушілердің жылдамдықты арттыруы, телефонға назар аудармауы, жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзуы, кәмелетке толмағандардың скутер мен самокаттарды заңсыз басқаруы және мас күйінде көлік жүргізу – апаттардың негізгі себептері. Қала тұрғындарына жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды, ата-аналарға балаларын қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды ескертеміз.

Сонымен қатар, қалта ұрлықтарының саны артты. Мысалы, 31 шілдеде қалалық бассейнде белгісіз адам азаматтардың қалтасынан ұялы телефондарды ұрлап кеткен. Базарлар мен қоғамдық көліктерде, мерекелік іс-шараларда абай болуды сұраймыз. Бағалы заттарды көпшілік жерлерде ашық ұстау қауіпті.

Қауіпсіздік — бұл тек қана заңды сақтап қана қоймай, әрбір азаматтың қоғамда өз орнын білуі мен жауапкершілік сезімін сезінуі. Бұл барлығымызға ортақ міндет!

Ұқсас жаңалықтар

Білім күні мен балалар қауіпсіздігіне арналған ерекше шаралар

admin

Шымкент полициясы Конституцияның құқықтық маңыздылығын атап өтті

admin

ШЫМКЕНТ-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДАҒЫ ВЕЛОМАРАФОНЫ БАСТАЛДЫ

admin

Пікір жазу