Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Қоғамдық тәртіп және жауапкершілік: Қалай бірге қауіпсіздікті арттыра аламыз?

Жастар арасындағы есірткі заттарының заңсыз айналымы да алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Интернет-дүкендер мен мессенджерлер арқылы есірткіге қолжетімділік артып, бұл қоғам үшін өзекті мәселеге айналуда. Мемлекет тарапынан жастарды заңды жұмысқа тартуға, білім, спорт және кәсіпкерлік салаларында қолдау көрсетуге бағытталған шаралар қарастырылып жатыр.
Тіркелген құқықбұзушылықтарға қатысты ұсталғандардың дені – 18 бен 30 жас аралығындағы азаматтар (7 адам), ал 30-60 жас аралығында – 4 адам болған. Барлығының да жұмыссыз екені анықталған.
Жол-көлік оқиғаларына қатысты 10 іс тіркелді. Негізгі себептер қатарында:
• көлік жүргізу кезінде ұялы телефонға алаңдау;
• жылдамдықты арттыру;
• жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі;
• кәмелетке толмағандардың самокат, скутерлерді жол ережесін сақтамай басқаруы;
• мас күйінде көлік жүргізу жағдайлары тіркеліп отыр.
Осыған байланысты жол қозғалысы қатысушыларынан сақтық пен тәртіпті сақтау талап етіледі.
Мектеп жасындағы балалардың жеке заттарының ұрлануы, әсіресе ұялы телефондар, жиілеп келеді. Соңғы аптада орын алған оқиғаның бірінде ойын алаңында жүрген 5-сынып оқушысының телефоны белгісіз адам тарапынан ұрланған.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналарға балаларына бағасы жоғары телефондарды мектепке немесе қоғамдық орындарға бермеу ұсынылады.
Қаладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру – ортақ міндет. Құқық қорғау органдары бұл бағытта жұмыстарды жалғастырып келеді. Ал тұрғындарға өз қауіпсіздігіне мұқият қарап, күмәнді әрекеттерге жол бермеу – өз қолында.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы ең маңызды қадам – азаматтардың құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта болуы. Құқықбұзушылықтардың алдын алу үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі аса қажет. Интернеттегі қауіпті трендтер мен жастардың құқық бұзушылықтары қоғамды алаңдататын мәселелердің біріне айналды. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, білім беру мен әлеуметтік қолдауды арттыру өте маңызды. Тек осылайша, жастарымызды зиянды әсерлерден қорғап, қоғамда қауіпсіздік пен тәртіп орнатуға болады.
Қоғамдық қауіпсіздік – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Тек бірлесіп әрекет еткенде ғана біз тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ете аламыз.

Ұқсас жаңалықтар

«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты поэзия кеші өтті

admin

«АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» ШЫМКЕНТТЕ БАСҚОСТЫ

admin

“Абайлаңыз, балалар!”: Әл-Фараби ауданында Шымкент қаласында жол қауіпсіздігі акциясы

admin

Пікір жазу