Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: АЛАЯҚТЫҚ, ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

Өткен аптада тергеу органдарының өндірісінде 101 қылмыстық іс тіркеліп, оның үшеуі сотқа жолданған. Белсенді тіркелетін қылмыс түрлері қатарында алаяқтық (36 іс), ұрлық (22), есірткінің заңсыз айналымы (11), жол-көлік оқиғаларына қатысты (10) және тонау істері бар.
Алаяқтық фактілерінің басым бөлігі интернет арқылы жасалуда — жалпы 36 істің 26-сы интернет-алаяқтыққа қатысты. Алаяқтықтың кең таралған тәсілдеріне:
• интернеттегі тауарлық жарнамалар арқылы жасалатын әрекеттер (13 жағдай);
• өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып жалған қоңырау шалу (9 жағдай);
• онлайн несие рәсімдеуге итермелеу (3 жағдай);
• инвестицияға шақыру арқылы сенімге кіру (1 жағдай) жатады.
Мысалы, өткен аптада «М» есімді азаматшаға өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласып, оның шотынан несие рәсімделгенін айтып, 2 500 000 теңге көлеміндегі қаражатты «қауіпсіз шотқа» аударуға көндірген. Қазір бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр.
Мұндай жағдайлардың жиілеп кетуіне байланысты тұрғындарға белгісіз адамдардан түскен қаржылық сипаттағы қоңырауларға абай болу, сондай-ақ күмән туындаған жағдайда 102 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қылмыстың алдын алу мен азаматтардың құқықтарын қорғауда атқарылатын жұмыстарды күшейту қажет. Және де алаяқтық әрекеттерінің алдын алу мақсатында, құқық қорғау органдары мен қоғамның бірлесе отырып жұмыс істеуі өте маңызды. Әсіресе, интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралуы тұрғындардың заңды құқықтарын бұзуымен қатар, олардың қаржылық қауіпсіздігін де бұзады. Осыған орай, тұрғындарға ақпараттық науқандар мен білім беру шаралары арқылы алаяқтықтың тәсілдері мен оның салдарынан сақ болу жолдары түсіндірілуі тиіс. Әрбір азамат бұл мәселеде белсенді болып, өз құқықтарын қорғау үшін хабардар болғаны абзал.

Қазіргі уақытта алаяқтықтың интернет арқылы таралуы – қоғам үшін жаңа қауіп-қатер. Сондықтан адамдарды үнемі ақпараттандырып, мұндай жағдайлардан қорғану үшін қажетті білімді беру керек. Бұл үшін құқық қорғау органдарының онлайн алаяқтықпен күресуге бағытталған жұмыстарын күшейтіп, қоғамда заңды сақтау мәдениетін арттыру аса маңызды. Тек осылайша, алаяқтардан зардап шеккендердің саны азайып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Ұқсас жаңалықтар

В Шымкенте прошла встреча по вопросам роли волонтерства и продвижения прав детей

admin

Шымкентте цифрландыру қарқынды дамып келеді

admin

Шымкенетте құрылыс талаптары мен абаттандыру мәселелері пысықталды 

admin

Пікір жазу