6 Желтоқсан, 2025. 11:41
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ ҚАРАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысына аумақтық құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде білім беру саласындағы процестерді цифрландыру мәселесі және жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жүргізілген мониторинг нәтижелері талқыланды.
Қала әкімі жауаптыларға білім беру саласындағы процестерді цифрландыру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жер қатынастарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша бірнеше ұсыныстар талқыланып, маңызды шешімдер пысықталды.
Қала басшысы профилактикалық шараларды күшейтіп, ұдайы тәжірибе алмасу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түбегейлі жоюда нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жаңалықтар

«Шымкент обновляет автобусный парк: на маршруты вышли новые автобусы»

admin

Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы – ерекше жандарға сенімді тірек

admin

Шымкент тұрғындары Астанадағы әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

admin

Пікір жазу