Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ЕРІКТІЛІКТІҢ РӨЛІ МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ АРНАЛҒАН ШАҒЫН ҚҰРАМДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры – ЮНИСЕФ пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен «Еріктіліктің рөлі мен балалардың құқықтарын ілгерілетуге арналған» шағын құрамда кездесу өтті.
Кездесуге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл, қала әкімінің уақытша міндетін атқарушы Айдын Кәрімов, білім беру және құқық қорғау саласының мамандары, сондай-ақ белсенді жастар мен еріктілер қатысты.
Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі мақсат – жастар арасында еріктілік қызметін дамыту, балалардың құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару және оны шешуге жастарды да қатыстыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың маңызды аспектілерінің бірі – қоғамның еріктілікке деген көзқарасын өзгерту және жастарды балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғау шараларына тарту.
Кездесуде осы бағытта сөз алғандар аталған мәселелерді іске асыруда қалалық әкімдік тарапынан қолдау көрсетілуін ұсынды. Өз кезегінде сөз алған қала әкімінің орынбасары А. Кәрімов ЮНИСЕФ ұйымының балалар мен жастардың құқығын қорғау бағытындағы маңызды рөлін атап өтіп, қалалық әкімдік тарапынан халықаралық ұйымдармен, оның ішінде ЮНИСЕФ-пен бірлескен жобаларға үнемі қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Кездесуге қатысушы жастар да еріктілік қозғалысын кеңейту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын сақтау бағытындағы ұсыныстарымен және идеяларымен бөлісті. Олар балалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қорғау жолында белсенді түрде жұмыс істеп, қоғамдағы өз орнын табу керектігін атап өтті.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің орынбасары Летисия Баззи-Вейл де «Балалар мен жастардың құқықтарын қорғау – біздің ортақ мақсатымыз. Шымкенттегі бұл кездесу – сол жолдағы сенімді қадам», – деп өз пікірін білдірді. Ол осындай кездесулердің әрі қарай жалғасып, балалардың құқықтарын қорғау және еріктілік саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізу үшін маңызды екенін атап өтті.

Бұл кездесудің нәтижесінде балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еріктілік қозғалысын дамыту мәселелерінде бірқатар ұсыныстар мен жоспарлар белгіленді. Осыған орай, аталған бастамалар жастардың және қоғамның ерекше назарын аударуға бағытталып, осы салаларда тұрақты жұмыстар жүргізілуі қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент тұрғындары Астанадағы әскери шеруді тікелей эфирден тамашалады

admin

ЖАС ЖҮРГІНШІЛЕР ҮШІН ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗҒА ИЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Интернет-алаяқтықтан сақ болу өте маңызды

admin

Пікір жазу