Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Еңбекші ауданының Полиция басқармасы 2025 жылдың 6 айында атқарған жұмысын қорытындылады

Еңбекші аудандық Полиция басқармасында Шымкент ҚПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахтияр Есжановтың төрағалығымен осы ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмысты қорытындылау жөнінде жедел кеңес өтті.
Жедел кеңес барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен жарияланған “Профилактика жылы” және 2025–2030 жылдарға арналған “Заң және Тәртіп” мемлекеттік тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларының орындалуымен таныстырылды. Сонымен қатар,
басқарма бастығының орынбасарларының баяндамалары тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланып, Департамент бастығы полиция полковнигі Н.Алмасбековтың алдағы кезенде атқарылуға тиісті қойған міндеттері мен талаптары жеке құрамға жеткізілді.
Есептік мерзімде басқарма қызметкерлерімен құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Жиын соңында Б.Есжанов, Басқарманың жыл басынан атқарған жұмысына оң баға беріп, бірқатар міндеттер қойды. “Профилактика жылы” және 2025–2030 жылдарға арналған “Заң және Тәртіп” мемлекеттік тұжырымдамасының аясында тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, полиция — адамдардың қажеттіліктеріне, яғни азаматтарға қызмет көрсетуге бағытталуы керектігін, отбасы-тұрмыстық саласындағы құқық бұзушылықтарды, интернет-алаяқтығын және жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу. Есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту қажет екенін атап, нақты міндеттер белгіледі.
Өз кезегінде, Басқарма бастығы Жандос Бейсенов берілген нұсқаулар мен тапсырмалар толығымен орындалатынын, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттар жауапкершілікпен атқарылатынына сенім білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Фальшивые вакансии — реальные последствия: подростков втягивают в преступления

admin

Ел бірлігі – ұрпаққа аманат

admin

В Шымкенте продолжается работа по обеспечению безопасного транспортирования юных спортсменов

admin

Пікір жазу