6 Желтоқсан, 2025. 11:37
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 40 нысан пайдалануға беріледі 

Биыл Шымкент қаласының Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында маңызды жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, 35 балалар ойын, спорт алаңы, сондай-ақ 5 қоғамдық орын пайдалануға беріледі.
Жергілікті азаматтардың ұсыныстары бойынша Еламан, Оңтүстік, Цементшілер, Жұлдыз, Бадам-1, Базарқақпа, Ұлағат шағынаудандары мен елді мекендерінде балалар және спорт алаңшалары бой көтереді.
Айта кетейік, өткен жылы аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 56 жоба іске асырылды. Оның ішінде 43 балалар ойын алаңы, 8 балалар және спорт алаңы, сондай-ақ 5 гүлзар пайдалануға берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте жол апаттары көбейіп барады: Қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?

admin

ШЫМКЕНТТЕ 70-ТЕН АСА ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

admin

Жедел басқару орталығына қосылған «SOS батырмасы» іске қосылды

admin

Пікір жазу