Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды есірткіге қарсы іс-шараларға ерікті қатысушы ретінде тарту – қоғамға қайта бейімделудің маңызды және тиімді әдістерінің бірі. Мұндай тәсілдер босатылған тұлғалардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, олардың болашақтағы қоғамдағы рөлін нығайтуға көмектеседі. Сонымен қатар, бұл қадам қылмыс жасаудың және есірткіге тәуелділікке қайта бой алдырмаудың алдын алу үшін де маңызды.
Бұл бағыттағы жұмыстар, ең алдымен, сотталғандардың қоғаммен қайта байланыс орнатуына, өздерінің бұрын жасаған қателіктерінен сабақ алып, жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді. Еріктілік негізінде жүзеге асатын шаралар сондай-ақ, олардың жаңа ортада өздерін пайдалы сезініп, қоғамның бір бөлігі ретінде жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы ІІМ басшылығының арнайы тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаменті мен Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды есірткіге қарсы іс-шараларға тарту мақсатында нақты ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Осы жұмыстың аясында жақында ғана жазасын өтеп шыққандар мен қазіргі таңда бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қолға алынды.
Қоғамға бейімделуге бағытталған осы шаралар Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №69 және №54 мекемелерінде өткізілді. Кездесулер барысында арнайы мамандар қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру, есірткі қылмыстарына теріс көзқарас қалыптастыру және қайталама қылмыстардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды. Қолға алынған шаралардың басты мақсаты – есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алып, сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелін төмендету.
Еріктілік шараларының ең маңызды аспектісі – бұл түрмеден босатылған тұлғалардың өздерін қоғамға пайдалы, құрметті азаматтар ретінде сезінуі. Олардың жаңа ортада өзін сенімді түрде орнатып, әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі арқылы қылмыс жасау мүмкіндігі азаяды. Мұндай қоғамға қайта бейімделу процесі өз нәтижесін бергенде, ол адамдардың құқықтық санасын қалыптастырып, олардың қайтадан қылмыс жасауға және есірткіге тәуелділікке бой алдыруына жол бермейді.
Бұл шаралардың негізгі мақсаты – босатылғандардың қайтадан қылмыс жасаудың алдын алу, олардың өмірін түбегейлі өзгерту, сонымен қатар есірткіге тәуелділіктен арылтып, оларды қалыпты өмірге бейімдеу болып табылады.