Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты поэзия кеші өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шараға қала кітапханаларының өкілдері, ҚХА жанындағы Ассамблея жастары РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестік өкілдері және мектеп оқушылары қатысты.
Кештің ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихын таныстыруға арналған «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты көрменің таныстырылымымен басталды. Көрмеде елдегі түрлі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен татулықтың жарқын үлгілері көрсетілді.
Іс-шара барысында әуезді әндер шырқалып, әдеби шығармалар мен жүрекжарды өлеңдер оқылып, көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ, халықтың жүрегіне жол тапқан сахналық қойылымдар кештің рухани мәнін тереңдете түсті.
Кеш қонақтарын құттықтау үшін зиялы қауым өкілдері мен этномәдени бірлестік жетекшілері сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдіріп, елдегі бірлік пен келісімнің маңыздылығына тоқталды.
Іс-шара кезінде этнос өкілдері «Бір шаңырақ астында» атты ұлттық киімдер композициясын ұсынды. Түрлі халықтардың ұлттық киімдері көрермендерге ерекше эстетикалық әсер сыйлады.
Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, ең белсенді және ерекше өнер көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Поэзия кеші бірлік пен татулықтың, достық пен түсіністіктің жарқын көрінісі болып, көпшіліктің көңілінде ұмытылмас әсер қалдырды.
Шымкент қоғамдық келісім баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласының әкімі Тұран ауданы тұрғындарымен кездесті 

admin

Қазақтың халық биі мен дәстүрлі әні Шымкент сахнасында тоғысты 

admin

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЙДЫ

admin

Пікір жазу