6 Желтоқсан, 2025. 14:50
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

«Бақытты отбасы – бақытты ел»: Шымкентте маңызды шара

«Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері еліміздің әлеуметтік саясатында маңызды орын алады.
Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында тұрған бұл бағытта қабылданып жатқан шаралар қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алуға, әйелдер мен балаларды қорғауға, сондай-ақ отбасының қоғамдағы рөлін нығайтуға бағытталған.
Осы мақсатта ағымдағы жылдың 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өткізілетін болады.
Акцияның басты мақсаты – әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамды осы мәселелер бойынша ақпараттандыру.
Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зиянды әсерлері туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнамалық шаралар мен қолдау көрсету тетіктері таныстырылады.
Акцияның аясында түрлі әлеуметтік жобалар мен семинарлар ұйымдастырылып, тұрғындарға отбасылық қатынастарды нығайту, әйелдердің құқықтарын қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы кеңес беріледі.
Бұл шаралар қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты азайтуға және отбасылық ынтымақтастықты арттыруға өз үлесін қосады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі алаяқтық: Полицияның кеңестері және интернетте қалай сақтануға болады?

admin

Аким Шымкента вручил ключи новосёлам в рамках модернизации района «Зелёная балка»

admin

НАУРЫЗ, НАУРЫЗ АЛТЫ АЛАШҚА ҚОШ КЕЛДІҢ!

admin

Пікір жазу