Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ «АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНС» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШӘРІПБЕК ЖАМАЛБЕКҰЛЫ ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум барысында Түркістан облыстық «Азаматтық Альянс» қауымдастығының президенті Шәріпбек Жамалбекұлы Түркістан қаласындағы 133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Ол референдумның ел өміріндегі маңызды саяси науқан екенін атап өтіп, азаматтардың белсенділігі қоғамның бірлігі мен жауапкершілігін көрсететінін жеткізді.

Референдум – еліміздің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын кезең. Сондықтан әрбір азамат мұндай жауапты сәтте өз азаматтық ұстанымын білдіріп, ел тағдырына бейжай қарамауы қажет, – деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысында барлығы 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде 2 миллион 154 мыңнан астам тұрғын бар. Оның ішінде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin

Полицейские выявляют нарушения с помощью дронов в ходе акции «Таза қала»

admin

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТУДЕ

admin

Пікір жазу